деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны Қытайдың даму және мемлекеттік азық-түлікті басқаруды алмасу орталығы, халықаралық "Ема" корпорациясы және Қытайдың халықаралық сауда ықпалдастығы жөніндегі комиссиясының өкілдігі бірігіп ұйымдастырды. Бірнеше күнге созылған бұл шара кезінде форумға қатысушылар Астана мен Алматыдағы бірқатар кәсіпорындарда болып, фермаларды аралады. Енді Қытайдың ішкі бөлігінен келген кәсіпорындар бүгіннен бастап Шығыс Қазақстан облысын аралай бастады. Жаңа серіктестер іздеуге бағытталған бұл іссапарлар желтоқсанның 10-ына дейін созылады деп жоспарлануда. Ал Шынжаң -Ұйғыр автономиялы өлкесінен келген кәсіпорындар бұл кезеңде көршілес өзбек елін де аралап шықпақшы.