Оған сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, ҚР Ұлттық банкі, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті, Төтеше жағдайлар минтстрлігінің өкілдері мен Халықаралық Аралды құтқару қорының жетекшілері қатыспақ. Мәжіліс барсында Қазақстанның сақтандыру нарығына жүргізілген зерттеу жұмысының қорытындысы таныстырылады деп жоспарлануда.
"Қазіргі таңда Қазақстанда 643 гидротехникалық құрылыстар бар. Оның 270-сі су қоймалары, 560-сы бөгеттер. Барлық ірі құрылыстар кеңестік кезеңде 30-40 жыл бұрын салынған. Оларда соңғы 20 жылда ағымдағы және күрделді жөндеу жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп жатқан жоқ. Гидротехникалық құрылыстардағы ірі апаттардың шығын көлемі соңғы бірнеше жылда 30 миллиард теңгеден асты. Бұл жалпы ішкі өнімнің 0,14 пайызын құрайды", - дейді «Сақтандыру нарығы» журналының редакторы Марина Шипалова.