Алматыда тексерістер кезінде тәркіленген ойын автоматтары халықтың көзінше жойылды

АЛМАТЫ. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда заңсыз казинолар мен ойын залдарынан алынған 330 ойын автоматы халықтың көз алдында трактормен тапталып, жойылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Осы жазда қала прокурорының бастамасымен ведомствоаралық тексеру жүргізілген болатын. Осы шара аясында шілденің  22-23-і күндері 10 ойын салоны тексеріліп, 330 ойын аппараты тәрікіленген еді. Жақында осы автоматтарға байланысты сот шешімі шықты. Міне енді осылар жұртшылық алдында жойылып отыр», дейді қалалық ІІД-нің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полковник Нұрлан Алмасбеков.

   Оның айтуынша, ойын автоматтарын бұлайша жою заңды бұзушыларға сабақ болады. Бүгін жойылған автоматтардың әрбірінің орташа құны 10 мың доллар көлемінде. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады», дейді Н.Алмасбеков.