Марқұмның туыстарының хабарлауынша, Лейла соңғы бірнеше жыл бойы өкпе обырынан зардап шеккен.
Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 24 маусым күні таңғы сағат 10:00-де Дәрібаев көшесі 12-ші үй, 9-шы пәтерде өткізіледі.
Лейла Бабаева 1964 жылы туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, КИМЭП университетін тәмамдаған. Әр жылдары «Қазақстан», «Алматы» және «31 арна» телеарналарында еңбек еткен. Күйеуі белгілі журналист Абзал Әбенов осыдан 5 жыл бұрын қайтыс болған.
Марқұмның соңында үш баласы қалды.