Алматыда «Темекі тартудан азат аймақ» саны ұлғайып келе жатыр

Фото: None
trong>Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда  Шымбұлақ пен Медеу демалыс орындарын «Темекіден азат аймақ» деп жариялау жоспарлануда.

 Бұл туралы бүгін Алматыда  4-ші сайланған қалалық мәслихаттың ХХІІ сессиясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2007 жылдың 3-ші шілдесіндегі ІІІ сайланған қалалық мәслихаттың ХХХІ сессиясының шешімімен  қазір «2008-2011 жылдарға арналған Алматы темекі түтінінен азат қала. Азиада 2011» бағдарламасы   жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Еркін Дүрімбетовтің айтуынша, былтыр бағдарламаны қаржыландыруға бөлінген 51 миллион 382 мың теңге 99,9 пайызға игерілген еді. Биыл 37 миллион 177 мың тең бөлініп, 9 айда оның 51 миллион 365 мыңы жаратылды.  Қазіргі уақытта барлық медицина мекемелерінде темекі шегуге тыйым салынған.  2007-2008 жылдары 2 жоғары оқу орны мен 3 орта арнаулы оқу орнында «темекіден тартудан азат аймақ» жарияланған. Биыл олардың қатарына 6 ЖОО мен қалалық медицина колледжі қосылды. Медеу ауданындағы 3 мектепте «түтінсіз мектеп» мәртебесіне өтуге дайындық жұмыстары  жүргізілуде. «Темекіге қарсы орталықтар» 28 медицина мекемесінде, 11 оқу ғимаратында және 4 «Демалыс» орталығында жұмыс істеуде.

«Қалалық медициналық-әлеуметтік түзету орталығы  базасында ТМД елдеріндегі ең алғашқы  никотинге тәуелділіктен емдейтін стационар жұмыс жасауда.  Онда осы уақытқа дейін 143 адам емделсе, оның 71-і - биылғы жылдың үлесінде. Алматы темекі тартумен күреске бағытталған нақты іс-шаралар қолданылған Қазақстандағы әзірге жалғыз қала. Енді  Шымбұлақ және Медеу демалыс орындарын «Темекіден азат аймақ» деп жариялау жоспарлануда», дейді Еркін Ермекұлы.