Алматыда теміржолшылар күніне арналған мерекелік шара өтті

None
АЛМАТЫ. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматының Түрксіб ауданындағы С.Сейфуллин атындағы бағында Теміржол, көлік және байланыс күніне арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты шараға аудан әкімі Владимир Устюгов, қалалық мәслихат депутаттары, теміржолшылар қатысты. Аудан әкімі теміржол қызметкерлерін алдағы кәсіби мерекелерімен құттықтап, құрмет грамоталарын тапсырды. Шара соңында салтанатты концерт қойылды. Естеріңізге сала кетейік Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес, тамыздың бірінші жексенбісі Теміржолшылар мен Көлік және байланыс күні болып белгіленген. Бұл күн сондай-ақ бүкіл ТМД аумағында теміржолшылар күні ретінде де аталып өтіледі.