Алматыда теңізден 1500-3000 метр биіктікте жүгіруден жарыс өтеді
11:01, 04 Тамыз 2012
АЛМАТЫ. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Мақсұт Жұмаевтың Қазақ алпинклубы 5 тамызда «Көжайлау-2012» альпиниадасын өткізеді.
Оған Алматы қаласының бірқатар аудандық әкімдіктері мен Алматы облысының әкімдігі қолдау көрсетуде. Альпиниада кезінде сондай-ақ, жылдамдыққа жүгіруден ««SkyRace - Биіктік бәйгесі» жарысы болады. Мақсат - салауатты өмір салтын насихаттау және халықты белсенді демалыс түріне тарту. Жарыс аясында «Жастар» және «Ересектер» сыныбы бойынша жеке біріншілік болады. Ол «Білімпаз» демалыс үйі -«Көжайлау» шатқалы- «Үш ағайынды» жартасы бағыты бойынша өтпек. Демалыс үйі теңіз деңгейінен 1550 метр, ал «Үш ағайынды» 2850 метр биіктікте орналасқан. Жарыс жолының жалпы ұзақтығы 7 шақырымды құрайды.