Іс-шараға теңізге шығу мүмкіндігі жоқ 30 елдің министрлері, Біріккен Ұлттар Ұйымы елдері мен транзитті дамушы елдерді қос алғанда БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйым мүшелері қатысты.
Ағымдағы жылғы отырыс аясында әлемдік экономикада географиялық тұрғыда қолайсыз орналасқан елдердің толық бірігуіне қол жеткізу мақсатында халықаралық сауда келіссөздерінде ұстанымдарды нығайту бойынша өзара күш-жігер біріктіру мәселесі талқыланды. БҰҰ-ның тақырыптық жоспарына сәйкес аталған кездесу 2014 жылы өткізілетін теңізге шығу мүмкіндігі жоқ Алматы іс-қимыл бағдарламасын қарастыру бойынша 10-шы жазғы конференцияға дайындық болып отыр.
Сауда министрлерінің төртінші кездесуінде Астана ЕХРО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге қазақстандық өтініш таныстырылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Министрліктердің декларациясы қабылданды.