Жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрайтын бұл дүбірлі доданы Қазақстан теннис федерациясы мен Қазақстан теннис турлары бірігіп ұйымдастырды. «Gorky Tennis Park» теннис орталығындағы бұл жарыс жабық кешенде өтіп жатыр. Оған - Англия, Белорусь, Болгария, Бразилия, Израиль, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан, Украина сияқты елдерден 32 спортшы қатысуда. Оларға Кирилл Парфенов бастаған қазылар алқасы төрелік жасауда.
14 жастан жоғарғы спортшылар арасындағы бұл турнир былтыр шілденің 27-сі мен тамыздың 4-і аралығында өткен еді. Жүлде қоры 25 мың долларды құраған бәсекеге жарыс қожайындарынан басқа АҚШ, Израиль Ресей, Германия, Өзбекстан, Польша, Чехия, Сербия, Словакия, Украина, Латвия, Корея, Австрия елдерінен спортшлар қатысты. Оған өзбекстандық Андрей Корнилов бастаған қазылар төрелік еткен болатын.