Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, ер адам сауда үйлерінің бірінің кіреберісінде орнатылған букмекерлік кеңселердің бірінің терминалын бұзып шамамен 100 мың теңге алған.
Күдікті өтіп бара жатқан адамдардан ұялмастан терминалдағы құлыпты ашып, ақша сақтау құрылғысына қол жеткізе отырып, қажетті соманы өзінің жеке кабинетіндегі шотына аударған.
Оның қылмыстық әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
«Бұл бір жағынан күдіктінің кім екенін анықтауға және оның қылмысқа қатысын дәлелдеуге мүмкіндік берді. 34 жастағы С. есімді азамат ұсталды және қамауда отыр. Ер адам қылмысын бірден мойындады. Айғақты заттар тәркіленді»,- деді Бостандық аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Батур Абдумасаров.
Қылмыстық іс ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген бап бойынша тергеліп жатыр.