Алматыда терроризмге қарсы операция барысында 2,4 мңнан астам адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда терроризмге қарсы операциялар барысында 2,4 мыңнан астам адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы комендатурасының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ұсталғандарға заңсыз акцияларға, морадерлік әрекеттерге және өзге де қылмыстарға қатысты деген айып тағылып отыр.

Барлығы 79 атыс қаруы және 3 976 оқ-дәрі тәркіленде.