деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мерекеге орай барлық факультетте қабырға газеттері дайындалып, тіл тақырыбында түрлі формада әр түрлі іс-шаралар өтуде. Шараларды осы оқу орнының тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастыруда.
Бүгін «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атт пікірсайыс жарысында бірнеше тілді жетік меңгерген студенттер «Қазақстандағы тіл саясаты» тақырыбында сөз жарыстырды.
Апталық барысында поэзияда қаламын ұштап жүрген студенттер үшін «Ана тілі - ардың тілі» атты жыр сайысы өтеді. Сонымен қатар, «Корейский язык в плеяде языков народов Казахстана» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Онда Қазақстандағы өзге ұлт тілінің жай-күйі баяндалып, осы тақырып аясында сөз қозғалмақ.
Мерекелік апталық аясында «Менің Отаным - Қазақстан» шығарма жазу байқауы, тақырыптық ашық сабақтар, «Мемлекеттік тіл - айбыным менің» атты әдеби кеш, «Қазақ тілі - қызметтік тіл» тақырыбында сөзсайыс, «Тілге - құрмет, елге - құрмет!» мерекелік кеші, өзге ұлт студенттерінің арасында қазақ тілінде викторина, өлең оқу жарысы, «Қазақ тілін білу - қазақстандық патриотизмнің белгісі» атты дөңгелек үстел және тағы да басқа шаралар өтеді.
Жеңімпаздар Алматы қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында өтетін «Тілдарын - 2009» олимпиадасына қатысады.