Алматыда «Тіл - бірлік бастауы» атты конкурс өтті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті  Қазақстан халқы тілдерінің ХІ фестивалі аясында  «Тіл - бірлік бастауы» атты мемлекеттік  және ана тілдерін үздік білуге арналған этнолингвистикалық мектеп оқушылары арасында конкурс өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқаудың мақсаты - тіл заңының 20 жылдығына орай өзге ұлттар өз ана тілін қаншалықты деңгейде меңгергендігін, мемлекеттің тілді қандай дәрежеде игергендігін байқау.

«Қазақстанда бәрі жеткілікті, тек кемшін түсіп жатқаны - мемлекеттік тіл», дейді - «Мемлекеттік тілге - құрмет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Асылы Осман.

Байқау «Мен және біздің ұлттық-мәдени орталық», «Қазақстан: өткені мен бүгіні» және «Қай ұлттың да тілі сұлу әрі ұлы»  аталымдары бойынша өтті.

Конкурсқа қатысушыларды бағалайтын қазылар алқасы құрамында Қазақстан Республикасының халық әртісі  Лаки Кесоглы, академик М. Сүлейменов және  лингвист-ғалымдар бар.