Алматыда «Тілдарын - 2010» қалалық олимпиадасы өтті
Оны Алмалы аудандық әкімдігі аталмыш мектеппен бірлесе ұйымдастырып отыр. Шараның мақсаты жастар арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мен дарынды жастарға қолдау көрсетуге бағытталған.
«Болып жатқан конкурсқа медециналық университет, Қыздар педагогикалық университеті, Алматы технологиялық Университеті мен басқа да оқу орындарынан үміткерлер қатысуда. Осы жарысты ұйымдастыру арқылы дарынды жастарға қолдау көрсетіп, олардың әрі қарайғы жарқын болашағына көмек көрсеткіміз келеді. Және де мемлекеттік тілді кеңінен қолдану жайын осы жастардың арасында қалыптастыруды көздейміз», дейді Алмалы аудандық қазақ тілі қоғамы төрағасының орынбасары Батиха Жақыпбекқызы.
Сайысқа 18 бен 30 жас аралығындағы 20 үміткер қатысты. Үміткерлер берілген тақырыпқа тұсаукесер (презентация), берілген тақырып бойынша эссе жазу, берілген тақырып бойынша баспасөз мәслихатын өткізу және мәтінге ілеспе аударма жасау талаптары бойынша сынға түсті. Жеңімпаздарға диплом мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Конкурс жеңімпазы енді осы айдың 16-сында өтетін қалалық конкурсқа қатысатын болады.