Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту және қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру мақсатына сәйкес мемлекеттік тілде оқыту инфрақұрылымын оқыту әдістемесін жетілдіру және стандарттау жолымен дамыту жоспарланып отыр.
Бұл бағдарламаның аясында Алматы облысы бойынша КБД мен Орталық Азия Университеті қызметкерлерді ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау Комитеті бекіткен оқу жоспары бойынша оқытады. Оның барысында кедендік іс бойынша терминдерді зерттеу, жұмыста қажетті іс қағаздарын, құжаттарды ресімдеуге көп көңіл бөлінеді.
Шараға Алматы облысы бойынша КБД аппаратының басшылығы мен қызметкерлері, Орталық Азия Университетінің оқытушылары қатысты.