Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Тимирязев көшесіндегі 8 мамыр сағат 17:00 мен 9 мамыр сағат 07:00 аралығында Жандосов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін автокөліктің қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Жол қозғалысы BRT линиясы бойынша инженерлік желілерін қайта құрылымдау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты шектеледі.