Алматыда Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін футболдан жасөсіпірімдер турнирі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 14 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда футболдан 2002 жылы туған жасөспірімдер арасында Тимур Сегізбаевтың жүлдесі үшін өтіп жатқан турнирдің жартылай финалдық ойындары өтеді.

Онда  «Қайрат-2» мен «Қайрат» МФК,  «КДЮСШ-3» пен  «Қайрат-1» ақтық финалға шығу үшін таласады.   Бұл ойында жеңіске жеткендер ертең ақтық сында бірінші орынды, ал жеңілгендері үшінші орынды сарапқа салатын болады. Бүгін сондай-ақ,  «ЦСКА» мен «ФШМ» 5-ші орынға,  «Еңбек» пен «Жеңіс-Атлетик» 7-ші орын үшін өзара күш сынасады.  

Он бірінші маусымда басталған бұл байрақты бәсекеде «Қайрат-1»  «Қайрат» МФК-ні 2:0, ал  «Енбекті» 9:0 етіп ұтқан болатын.   «Қайрат-2»  «КДЮСШ-3» командасына  0:2 боп ұтылғанымен, "ФШМ" командасынан 3:0, «КДЮСШ-3» командасынан 9:1,  «Жеңіс-Атлетик» командасынан 4:0 есебімен басым түсті. "Қайрат" МФК болса "Қайрат-1" футболшыларына ұтылғанымен «ЦСКА» аяқдопшыларын 5:0 есебімен тізе бүктірді.  «КДЮСШ-3»  «Қайрат-2» командасын алдымен  0:2 етіп ұтып, екінші кездесуде 1:9 боп жеңілді, ал ақтық сында  «ФШМ» командасынан 4:2 есебімен басым түскен болатын.