Осы тексеріс нәтижесінде бюджетке қосымша 8 млн теңге салық төленді.
Салық заңнамасына сәйкес, жарнама нысандарын тек жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты негізінде ғана орнатуға болады. Егер тиісті құжат жоқ болып шықса, бірақ соған қарамастан сыртқы (көзбен көруге болатын) жарнама нысандары орнатылатын болса, бұл, олардың иелерінен салық өндіріп алуға толық негіз бола алады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында сыртқы (көзбен көруге болатын) жарнама насандарын орналастыруға рұқсатты қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы береді. Осы басқарманың мағлұматы бойынша салық органдары жарнама нысандарының иелеріне қатысты ай сайын бюджетке төленетін төлемдерді есептейді.
Алматы қаласы бойынша салық департаменті қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірлесе отырып, қалада тіркелмеген жарнама нысандарын анықтау және олардың иелеріне салық төлеттіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.