Алматыда ТМД басшыларының бейресми саммиті басталады
09:00, 19 Желтоқсан 2009
sp;АЛМАТЫ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда ТМД-ның 7 мемлекеті басшыларының бейресми саммиті басталады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі уақытта бұл шараға қатысу үшін Армения, Белорус, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей мемлекеттерінің басшылары келді. Енді олардың қатарына аз уақыттан кейін Түрікменстан Президенті қосылмақ. Түркменбашы ұшағы Алматы әуежайына Токиодан ұшып келеді деп жоспарлануда. Бұған дейін хабарланғанындай, ТМД елдері басшыларының 2 күндік бейресми бұл саммиті кезінде Беларус, Қазақстан және Ресей арасында бірыңғай экономикалық кеңістікті құру ауқымында Кедендік одақ құру туралы баяндама тыңдалмақ. Онда Президенттер сондай-ақ, аймақтағы экономикалық, гуманитарлық және саяси қауіпсіздік мәселелері мен Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағалығына қатысты өзара пікір алмасады деп жоспарланып отыр.