деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Университет ректоры Ескендір Бейсембетовтің сөзіне қарағанда, бұл жоғары өндірістік суперкомпьютер ҚБТУ-ды Қазақстан экономикасын жаңартудың интеллектуалдық орталығына айналдыруға мүмкіндік береді. Алғашқы кезде мұнайгаз компанияларының сұранысын қамтамасыз ететін суперкомпьютердің игіліктері болашақта қоғамның басқа салаларында пайдаланылатын болады. Жоғары оқу орнының Басқарушы директоры Базарбек Уатайдың айтуынша, ІВМ-нің компетенциялық орталығы қазіргі таңда әлемде Алматы, Дубай, Мәскеу және Париж қалаларында болса, зертханалық зерттеулері Солтүстік Америка құрлығында - 3, Еуразия құрлығында - 6 жерде жүргізіледі. Алматы бүгінгі таңда әлемде ІВМ-нің компетенциялық орталығы мен зертханалық зерттеу орны қатар орналасқан жалғыз қала болып отыр.