Оның басты мақсаты - біліктілігі жоғары мамандар әзірлеу және НР ұсынатын бағдарламалар негізінде студенттер мен оқытушылардың заманауи бағдарламаларды меңгеруіне жағдай жасау. Ол соңғы үлгідегі HP ProLiant 460c сервер блейд құрал-жабдықтармен, бағдарламалық жасақтамамен қамтамасыз етілген. P2000 мәліметтерді сақтау базасы, тораптық құралдармен (сымсыз желілерге арналған құралдар), оқытушылар мен студенттерге арналған персоналды компьютерлермен жабдықталған. Оқу орны ««НР Технология институты» бағдарламасына 2012 жылдың мамыр айында қосылған болатын. Бұл НР-дың Орталық және Шығыс Еуропаның жетекші университеттердегі 30-шы ғылыми-оқу орталығы болып отыр. Қазақстан ғана емес, күллі ТМД елдеріндегі тұңғыш орталықта НР АТА (Accredited Technical Associate) бағдарламасы ендірілген.
09:25, 17 Сәуір 2013
Алматыда ТМД елдеріндегі алғашқы НР (Hewlett-Packard) ғылыми-оқу орталығы ашылады
АЛМАТЫ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде НР компаниясының «НР Технология институты» бағдарламасы аясында НР ғылыми-оқу орталығы ашылады.