«14 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында Төле би көшесінің бойы, атап айтқанда А. Байтұрсынов пен Қ.А Яссауи көшелерінің аралығы жабылады», - деп хабарлады Алматы қаласының мобильділік басқармасы.
Уақытша шектеу жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізілді.
Сонымен қатар, Б. Момышұлы көшесі мен Райымбек даңғылы қиылысындағы жолайрығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 13-23 тамыз аралығында Момышұлы көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Басқарма өкілдері тұрғындарды қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды.