Алматыда Төле би көшесіндегі арнайы жолақтың нақты іске қосылатын мезгілі белгілі болды
«Алматының жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары басқармасы мен Алматы қаласы әкімшілік полициясы Төле би көшесі бойымен Яссауи көшесінен Қонаев көшесіне дейін қоғамдық көліктерге арналған жолақтарды жүргізу жұмыстарын аяқтады. Келісім бойынша жаңа тәртіппен жолда қатынау 2016 жылдың 24 қазанынан басталады. Оқшауланған жолақтар жүргіншілер бөлігінің тарылған орындарында үзілетін болады», делінген хабарламада.
Бұған дейін қалалық әкімдік қоғамдық көліктер Төле би көшесіндегі арнайы жолақпен 1 қазаннан бастап қатынайтынын хабарлаған. Алайда, Алматының жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары басқармасы бұған дейінгі қателіктерді қайталамас үшін қосымша уақыт қажет болатынын ескерткен.
Айта кетейік, Алматыда қазіргі уақытта Абай, Райымбек даңғылы мен Желтоқсан, Наурызбай көшелерінде арнайы жолақ бар.