Алматыдағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты жердің беткі қабатын зерделеп, оның құнарын арттыру технологиясын әзірлейді. Тіпті, мұнда әлемде теңдесі жоқ бастамалар да бар. Соның арқасында қазір ауыл шаруашылығында өнімділік артып, саланың бойына қан жүгіре бастаған.
Ғылыми-зертету институтында ғылыми жұмыспен айналысуға барлық жағдай бар. Яғни, замануи құрал-жабдықтармен қамтылған. Президенттікке үміткер енді осындай жағдайды басқа да ғылыми-зерттеу мекемелерінде жасау керек дейді. Сонда ғана аграрлық ғылым мен өндіріс алға басарына сенімді.
Аграрлық ғылым саласының өкілдерімен кездесу барысында салаға жас мамандарды тарту, жұмыссыздықпен күрес және жемқорлықты жою мәселелері де сөз болды.