Үш жігіт Медеу ауданының 20 жасар тұрғынының 138 мың теңгесін тартып алып жатқан кезде қолға түскен.
«Қылмыстық әрекетті қасынан өтіп бара жатқан Медеу аудандық ІІБ қызметкері байқап, тонаушылыққа тосқауыл қойды. Үшеуінің бірі сол кезде қолға түскен. Қалған екеуі бірнеше сағаттан кейін ұсталды. Олардың бәрі Іле ауданының тұрғындары болып шықты», -деді қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының қарақшылық шабуыл мен тонаушылық қылмыстарын ашу бөлімінің басшысы Данияр Қошалиев.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталғандар өздерінің бірнеше қылмыстық әрекетке қатысы бар екендігін мойындап отыр. Қазір құқық қорғау органдарының болжауынша, олардың осы тектес 5 қылмысқа қатыстары бар.