«Алматы қаласының көлік холдингі» компаниясы таратқан ақпаратқа сәйкес, Қожабеков көшесінде 25 маусым мен 10 тамыз аралығында бірнеше қоғамдық көлік қозғалыс бағытының сызбасы уақытша өзгереді.
Аталған көшеде жылу желілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты жолдың жүру бөлігі жабылады.
Қозғалыс бағыты өзгеретін қоғамдық көліктер:
№81 – оңтүстік бағытта – Розыбакиев көшесі – «Mega Alma-Ata-2» СОО соңғы аялдама. Солтүстік бағытта – «Mega Alma-Ata-2» СОО - Розыбақиев көшесі – Березовский көшесі - Гагарин даңғылына дейін барады. Әрі қарай сызба бойынша;
№98 – солтүстік бағытта – Розыбакиев – Березовский - Гагарин даңғылы бойымен жүреді. Әрі қарай сызба бойынша;
№30 – оңтүстік бағытта - Гагарин даңғылы - Березовский - Розыбакиев көшесімен жүреді;
№31 – оңтүстік бағытта-Гагарин даңғылы - Березовский - Розыбакиев көшесі - әрі қарай сызба бойынша;
№1 троллейбус - оңтүстік бағытта – Розыбакиев - Березовский - Гагарин даңғылы – Қожабеков көшесі соңғы нүктесі. Солтүстік бағытта – Қожабеков - Розыбакиев -Березовский -Гагарин даңғылы - әрі қарай сызба бойынша.