Алматыда төртем дүниеге келді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 5 тамызда төртем дүниеге келді. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Айта кету керек, Алматы тұрғыны Баян мен Қанаттың отбасында 3 ұл тәрбиеленіп келеді. Енді олардың артынан тағы бір ер бала, үш қыз бала еретін болды.

Мамандардың айтуынша, қазір сәбилердің денсаулығы жақсы, олар бөлімшеге ауыстырылды.

21 шілдеде Қалалық перинаталдық орталықта биыл осымен төртінші рет үшем дүниеге келді. Үшемнің ата-анасы Толғанай мен Бауыржанның үйінде 2 жасар қызы бар.

Отбасы енді тағы үш сәбимен толығып, көпбалалы отбасы қатарына қосылды. 12 тамызда дүниеге келген үшем үйіне шығарылады.

Ертең дүниеге келген сәбилерді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова және Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова құттықтап, сәбилердің алғашқы сыйлықтарын тапсырады.