Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Тotalitro» ЖШС ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 159-шы бабының 2-ші тармағында көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықтарды жасағандығы бойынша кінәлі деп табылды.
Бұл заңды тұлғ,а ҚР монополистік қызмет саласына қатысты заңнамаларды бұзған, яғни бәсекеге қарсы әрекеттер жасаған.
«Тotalitro» компаниясы кірісінің 3 пайызын өндіріп алу бойынша 2,7 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, сот компанияның 1,9 млн. теңге көлеміндегі монополиялық кірісін тәркіледі. Апелляциялық сот алқасы бірінші инстанция сотының бұл қаулысын өзгеріссіз қалдырды», - делінген хабарламада.