Келушілер назарына Алматы құтқару қызметінің апаттық-құтқару жұмыстарына арналған арнайы техникалары мен жабдықтары, сондай-ақ Апат медицина орталығының ұйымдастыруымен жасалған далалық госпиталь шатырлары көрсетіліп, мекеменің тыныс-тіршілігі таныстырылуда. Бұған Алматы қаласының мектеп оқушылары шақырылған.
Бүгін сонымен қатар, қалалық басқарманың барлық өрт сөндіру бөлімшелерінде арнайы өрт сөндіру техникаларының көрсетілімдері өтуде. Сондай-ақ өртке қарсы тақырыпта дәрістер оқыылып, балаларға өрт қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі жадынамалар таратылды.
Аталмыш шара азаматтық қорғау және ұлттық қорғаныс қызметтері атқаратын маңызды іс-шараларға қоғам назарын аударту мақсатында өткізілуде.