Олардың арасында Ресей, Украина, Германия, Нидерланд, Италия, Түркия, АҚШ және Жапониядан келген спортшылар болды.
Веложарыстың салтанатты ашылу рәсімі Mega Center Alma-Ata сауда ойын-сауық кешені алдында өтті. Өзінің алғы сөзінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысушылар мен жанкүйерлерді бүгінгі жарыстың басталуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол сонымен қатар, қалада велосипед спортына әуестенушілердің жылдан жылға көбейіп келе жатқандығын, мұның саламатты өмір салтын ұстанудың айқын көрінісі екендігіне атап өтті.
Сонымен, «МТВ» дәрежесі бойынша 33 жастағы Евгений Асафев жеңімпаз атанды. Оның көрсеткен нәтижесі - 49 минут 23 секунд. «Тас жол» дәрежесі бойынша 41 жастағы Геннадий Кругляковтың бағы жанды. Ол мәре сызығын 45 минут 12 секундта басып өтті.
Әйелдер арасында «МТВ» дәрежесінде 33 жастағы Евгения Булгакова жеңімпаз атанды. Ол 30 шақырымды 1 сағат 3 минут 29 секундта басып өтті. «Тас жол» дәрежесінде 35 жастағы Вимктория Зайцев жеңіске жетті. Оның көрсеткіші - 49 минут 11 секунд.
Веложарыстың тең ұйымдастырушысы А. Винокуров атындағы «Спортқа қолдау көрсету және оны дамыту» қоғамдық қорының бастамасымен тұңғыш рет веложарыс бағдарламасына балалар қашықтығы да қосылған болатын. Оған 20 жасөспірім қатысты. Тас жолға арналған велосипедпен 14 шақырымға жарысуда 13 жастағы Данил Пушкарный жеңімпаз атанды. Ал қыздар арасында мәре сызығын бірінші болып 12 жастағы Анастасия Березан басып өтті. Жарысты ұйымдастырушы Алматы марафоны ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, веложарыстың нәтижелерін https://tourof.wclass.kz/ сайтынан көруге болады.
Қатысушылардың барлығына естелік медальдары табыс етілді. Ал, жеңімпаздар медальдар және грамоталардан басқа, бағалы сыйлықтар және демеушілер тарапынан ақшалай сертификаттарға ие болды.