«Рұқсат жоқ. Бүгінде Алматыда тамақтану орындарына жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Бірақ түрлі банкет, мерекелік шаралар, ұжымдық басқосуды қоғамдық тамақтану орындарында өткізуге тыйым салынған», - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.
Айта кетейік, Алматыда дәмханалар мен тамақтану орындары 25 мамырдан бастап жұмыс істеп келеді.
Оларға қойылатын талап – бір отбасының мүшелерін қоспағанда, көрші үстелдерде отырған қонақтардың арасындағы қашықтық - кемінде 2 метр, ал бір үстелге отыратын адам саны - 4 адамнан аспауын қамтамасыз ету.
Қоғамдық тамақтану орындарына кешкі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген.