Жол апаты Желтоқсан көшесінің бойында, Сәтпаев пен Абай көшелерінің арасында болған.
«Тойота Камри» Желтоқсан көшесімен солтүстік бағытта келе жатқанда жолға кенеттен қыз жүгіріп шыққан.
Жүргізуші шұғыл тежегішті басқанның өзінде қызды қағып кетті.
Қыз сол жерде басынан жарақат алып, есінен танып қалды. Жедел жәрдем көлігі қызды ауруханаға алып кетті.
Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, қыз жан-жағына қарамай, жол бойына жүгіріп шыққан. Жолдың шетінде келе жатқан "Камри" жүргізушісі оны байқамай қалған.