Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.
Оның айтуынша, оқиға кеше түнде болған.
«Алматы әуежайына баратын Бұқтырма көшесінде экологиялық посттың тұғырына Тойота Карина Е көлігі соғылған. 34 жастағы жүргізуші көлік рөлінен айрылып қалған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Жүргізуші ішімдік ішпеген», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын Түрксіб аудандық полиция басқармасының мамандары анықтауда.