Алматыда трамвай жолдан шығып кетті
22:28, 08 Тамыз 2015
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда №4 трамвай оны депоға тіркеп жатқан кезінде рельстен шығып кеткен.
«Алматыэлектротранс» ЖШС баспасөз қызметінен хабарлағандай, 8 тамызда түстен кейінгі уақытта бағыты бойынша келе жатқан №4 трамвайдың қозғалысы ауадағы желісінен ажырап қалу себебінен тоқтатылды. «Аталған трамвай депоға жеткізілу үшін тіркеуге алынды. Төле би көшесімен шығысқа қарай бағытталып келе жатқанда Розыбакиев көшесіне жақындап қалған тұста сағат 15.34 шамасында дөңгелегі рельсте жатқан тасқа тиген трамвай жолдан шығып кетті. Тіркеуге алу ережелеріне сәйкес, ондағы жолаушылар түсіріліп тасталған. Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ», делінген хабарламада. Аталған оқиғаның мән-жайын «Алматыэлектротранс» ЖШС арнайы комиссиясы анықтап жатыр.