«Т.Жароков көшесінің бойында К.Тимирязев пен Өтепов көшелеріне дейін көлік қозғалысы шектеледі. Бұл көшелерде 23 мамыр мен 15 шілде аралығында трамвай жолдарын демонтаждау жұмысы жүргізіледі.
Сондай-ақ А.Ясауи көшесінің бойы Ф.Шаляпин мен Қарағанды көшесіне дейін 22 мамырда сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін жабылады. Қабанбай батыр көшесі бойында М.Масанчи мен С.Сейфуллин даңғылы аралығы 21 мамыр түннен 22 мамыр таңға дейін қозғалыс тоқтайды», делінген баспасөз хабарламасында.
Арайлым Жолдасбай
Фото: itd2.mycdn.me
19:03, 21 Мамыр 2018
Алматыда трамвай жолын алып тастайтын көшелерде қозғалыс тоқтатылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының бірқатар көшелерінде трамвай жолдарын алып тастауға байланысты көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.