Алматыда троллейбус бойжеткенді қағып кетті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолдан өтіп бара жатқан студент қызды троллейбус қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол апаты Гоголь көшесінің бойында болған. Шығысқа бағыт алған №1 троллейбус Сейфуллин көшесіне жетпей жаяу жүргінші жолынан  өтіп бара жатқан студент қызды қағып кеткен.

Бойжеткен троллейбустің алдыңғы терезесіне басымен соғылған. Соққыдан троллейбустің терезесі сынған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бойжеткенді ауруханаға алып кетті.

 

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар