Төтенше жағдайға байланысты Green Bus директоры Бауыржан Кулишевке хабарластық.
«Троллейбус жолы 1 сағатқа тоқтатылды. Өйткені, контакт желісінің көлденең және бойлық тростары үзіліп кеткен. Бұл апатты қалпына келтіру үшін 2 бригада жұмыс істеп жатыр. Электр қызметі де оқиға орнында желіні жөндеуде», - деді Бауыржан Кулишев.