Алматыда тротуардағы адамды көлік қақты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ниссан көшеде адам қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол апаты Шаляпин-Береговой көшелерінің қиылысында болған.

Ниссан көлігі Шаляпин көшесімен шығысқа бағыт ала келе жатып Береговой көшесіне солға бұрылмақ боп тоқтап тұрған. Сол кезде оны қарама қарсы келе жатқан Лада көлігі соққан.

Соққыдан Ниссан тротуар жаққа ұшып кеткен. Сол уақытта Ниссан тротуарда кетіп бара жатқан адамды қақты.

Оқиға орнына жеткен жедел жəрдем жапа шеккен адамды ауруханаға алып кетті.

Оның қандай жағдайда екендігі белгісіз.

Соңғы жаңалықтар