деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шара Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған. Бұқараны туберкулез, АҚТҚ жайында ақпараттандыруда журналистердің рөлі ерекше. Сондықтан тренинг барысында арнайы мамандар аталмыш аурудың таралуы, оның алдын алу жайында толық мағлұмат беріп, сол тақырыпта мақала жазғанда қандай терминдік сөздерді пайдалану керектігі мен халықты дұрыс ақпараттандыру жөнінде кеңес берді.
Сондай-ақ іс-шара аясында жас журналистерге туберкулезге байланысты түсірілген роликтер көрсетіліп, оның кемшін тұстары мен ұтымды жерлері талқылқыланды.
Тренингті жүргізуші Марина Максимованың айтуынша, халыққа жиі әрі толық мағлұмат беру арқылы аталмыш аурудың өршуін тоқтатуға болады. «Елімізде жұртшылықтың көбі денсаулығына немқұрайдылық танытады. Әбден ауруды асқындырып алған соң ғана дәрігерге жүгінеді. Сондықтан оларды дұрыс ақпарттандыру қажет. Ал аурудың осы түрінен толыққанды мағлұмат алған журналистердің материалдары да тұшымды болмақ», дейді М.Максимова.
Екі күнге жалғасқан тренингке Өскемен, Қарағанды және Теміртау қалаларынан да журналистер қатысты.