Спикердің сөзінше, қалада сырқаттанушылықтың төмендеу динамикасы байқалады. 2017 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда аурудың 35-тен сәл артық жағдайы тіркелсе, 2021 жылы бұл көрсеткіш 23-ке жетті. Соңғы 5 жылда өлім көрсеткіші 63,8%-ға азайды.
«Фтизиопульмонология орталығында талдау жүргізілді, ол аурудың төмендеуінің негізгі себебі пандемиямен байланысты шектеулер кезеңінде қаланың іргелес аймақтарынан келген ішкі мигранттар арасында туберкулез жағдайларын анықтаудың күрт төмендеуі екенін көрсетті. Мәселен, егер 2019 жылы ішкі мигранттар арасында анықталған туберкулез оқиғаларының саны 168 адамды құраса, 2020 жылы – 58 жағдай, 2,5 есе азайды»,- дейді Жанар Сәпиева .
Сонымен қатар, ол мүмкіндігі шектеулі адамдарды мобильді топ үйде бақылайтынын айтты.
«Күн сайын 8 мобильді топ мүмкіндігі шектеулі, егде жастағы және жас балалары бар әйелдер арасында үйде бақыланатын ем жүргізу үшін жеке автокөлікпен шығады. Сондай-ақ барлық науқас емдеу курсы аяқталғанға дейін жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында 35 мың теңге көлемінде жәрдемақы алады. Биыл әлеуметтік көмек көлемі 6,6%-ға өсті, қазіргі уақытта 830 пациент көмек алуда»,- деді ол.
Айта кетейік, Алматы қаласында туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында 40-тан астам медициналық мекемеде ашық есік күндері өтеді.