АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мектеп түлектері үшін мереке ұйымдастыруға қатысты тыйымдарды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап өтілгендей, мектепті аяқтауға байланысты түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға жол берілмейді. Мәселен, аниматорлар, мерекелік агенттіктер мен жеке студиялардың қызметін тартуға, кешті салтанатты түрде өткізуге, аста-төк дастархан жаюға, қымбат көлік жалдауға тыйым салынады.
«Сонымен қатар, мектептегі іс-шараларға қаражат жинауға жол берілмейді», - деді Ләззат Жылқыбаева онлайн-брифинг барысында.
Бұған дейін қала әкімдігі соңғы қоңырау қалай өтетіні туралы айтқан болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.