АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қалада тұмауға байланысты қандай шектеулер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біздің міндетіміз – карантинді болдырмау. Бізде тұмауға байланысты карантин болған емес. Бірақ, шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Тұмау өршитін болса, мектеп, балабақша мен кәсіпорындарға шектеу шаралары қолданылады «, - деді Жандарбек Бекшин брифингіде.
Ол тұмау мен коронавирустың профилактика шараларының бірдей екенін атап өтті.
«Егер санитарлық талаптарды сақтап, оны дұрыс орындасақ, онда біз тұмаудың күрт өсуіне жол бермейміз», - деді ол.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.