АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұмауға қарсы вакцина үшін Ресейде шығарылған «Гриппол плюс» вакцинасының бірінші партиясы сатып алынды. Онда 130 мың доза бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас эпидемиологы Бақжанар Мұхамадиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«17 қазанда қосымша 80 000 доза мөлшерінде «Гриппол плюс» вакцинасының екінші партиясы сатып алынды. Нәтижесінде ағымдағы эпидемияға дейінгі маусымда сатып алынған вакцинаның жалпы саны 210 000 дозаны құрады. Бұл тегін егуге жататын вакциналауға жататын халықтың саны»,- деді спикер.
Ол сондай-ақ халықтың қазан айынан бастап 6 медицина орталығында («IMC» МО, «Вакцинация клиникасы», «Фармаком» ЖШС, «Medical Assistance Group» ЖШС, «СОС-ҚАЗАҚСТАН» ЖШС, «Medical Assistance Group» ЖШС, «Интертич» ЖШС, «Авиценна» ЛДЦ) ақылы түрде вакцина алуға болатынын атап өтті.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.