Алматыда түн жарымында көше кезген 6 мыңнан астам баланың ата-анасы айыппұл арқалады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерлерде болуына жол бермеу мақсатында ювеналдық полиция қызметкерлері жергілікті рейд өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1,2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық негізінде 6354 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Полиция өкілінің айтуынша, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 185 кәсіпкерлік субъектісіне де әкімшілік шара қолданылды.

«Олар ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша жазаланды», – Ержан Ұзабаев.