Баласының жоғалғаны туралы әкесі Мұрат Құндақбаев Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
Жас жігітті соңғы рет достары 24 ақпанда «Black Hole Bar» барында таңғы 4:00-де көрген. Содан жігіт үйіне қайтып келмеген. Телефоны екі күннен бері өшіп тұр.
Айбек үстіне қара күрте, кроссовка, джинсы киіп жүрген.
Оның туыстары полицияға арызданды.