Алматыда түнгі клубтың алдында ер адам көз жұмды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда түнде Алмалы ауданында адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, үш адам түнгі клубта ішімдік ішкен.

«Үшеуінің арасындағы сөз дауының арты жанжалға ұласқан. Төбелестің артынан 29 және 28 жастағы ер адамдар пышақ жарақатын алған. Олардың бірі өкінішке орай, алған жарақатынан көз жұмды. 36 жастағы күдікті ұсталды», - деді полициядан.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды.