Жаңа дүкеннің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ахметжан Есімов экологиялық тұрғыдан таза көліктердің бірнеше модельдерін таныстырды.
Қала басшысы мұндай орындардың қала тұрғындарының денсаулығын сақтауда және салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызы жоғары екендігін атап өтті. Оның айтуынша, ауаға тарайтын зиянды заттардың 80 пайызы қаладағы автокөліктердің түтінінен шығады екен.
«GREENBIKE» компаниясының ресми дилері электрокөліктерінің экотуризмге, спорттық бағыттағы модельдерін ұсынып отыр. Сондай-ақ, оларға көрсетілетін қолайлы қызмет көрсету сызбасы да ойластырылған.