Алматыда түңғыш рет Астана күніне орай түнгі веложарыс өткізілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Веложарыс дәстүрлі түрде Әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысында басталып, «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндері кешені алдында аяқталды.

Аталмыш шара белсенді демалысты қолдайтындар үшін  қуанышты оқиға болды.

Веложарысты дәстүрлі түрде Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырды. Ал  "Fuse-tea"  салқындатқыш сусынын өндіруші  Coca-Cola компаниясы аталмыш шараның серіктесі атанды.

 Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.