Қаладағы жетекші туроператорлардың бастамасымен ұйымдастырылатын жобаға қатысуға 40-тан аса компаниялар өтініш білдірген. Оның ішінде Франция, Финляндия, Мальдива сынды шет елдік туристік компаниялармен қатар өз еліміздің ірі туристік компаниялары да бар.
"Қазақстанның ең үздік туроператорларының қысқы туристік өнімдерін таныстыру, жарнамалау, тікелей сату, ішкі туризмді дамыту, сондай-ақ еліміздегі шипажай мекемелерінің қызметін дамыту және Азия ойындарына турлар сату бұл шараның негізгі мақсаты. Біздің негізгі міндетіміз - тұтынушыларға жаңа туристік өнімдерді таныстыру болып табылады. Басты назар Азиадаға турларды ұйымдастыру мәселелеріне аударылатын болады. Жәрмеңке барысында тау шаңғы базалары, демалыс үйлері, шипажайлар өздерінің жолдамаларын тікелей сата алады. Еліміздің аймақтарынан қатысатын туристік компанияларға жеңілдіктер қарастырылатын болады. Тікелей сатып алу қатысушылардың жауапкершіліктерін көтеріп, бәсекелестік қызметтің сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл жәрмеңке - Қазақстан туроператорларының мүмкіндігін шет елдік және отандық саяхатшыларыға бір табан жақындатады",- деді «Примэкспресс» компаниясының жетекшісі Ольга Актаева. Оның айтуынша, соңғы рет осыған ұқсас жәрмеңке Кеңес кезінде өткізілген.
Ұйымдастырушылардың айтуынша жәрмеңкеге қатысушыларға арналған әр түрлі ойын-сауық бағдарламалар, жолдама лотереялар, әуе билеттер, туристік жолдамалар қарастырылған.
Аталмыш шараға Байқоңыр қаласының әкімшілік өкілдері арнайы қатыспақ. Биыл бірінші адамның ғарышқа ұшқанына - 50 жыл болды. Атаулы күнге орай Байқоңыр ғарыш алаңында үлкен ірі шаралар өткізіледі. Байқоңыр әкімшілігі бұл шараға әрбір саяхатшыны шақырмақ.