Алматыда түнде жаңбыр жауып, оның соңы қарға айналды. Мамандардың айтуынша, түнде қалаға 3 см, ал таулы аймақтарға 6 см қар түсті.
Көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға көктайғаққа қарсы материалдар себілді.
Сондай-ақ биік тау жолдарынан (Шымбұлақ) қар шығарылды.
Қаладағы қар тазалау жұмыстарына 285 техника, оның ішінде 97 құмлақтырғыш және 164 жол жұмысшылары жұмылдырылды.
Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарының барысын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.